Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Путиннің тапсырмасымен келген лауазымды тұлғамен кездесті

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Козакты қабылдады деп жазады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға Президент Владимир Путиннің тапсырмасымен келген Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Дмитрий Козакты қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік пен одақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ, еуразиялық интеграцияға, соның ішінде, жуырда өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына ерекше көңіл бөлінді.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен одақтастық байланыстардың күн тәртібіндегі көп қырлы өзара іс-қимылдарды нығайтуға басымдық берудің маңызды екенін мәлімдеді. Екі ел Президенттері Әкімшіліктерінің арасында өзара іс-қимылдарды және байланыстарды дамыту жөнінде келісім жасалды.

Фото
Фото: Ақорда

Айта кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы бейне конференция форматында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты.

Саммитке Қасым-Жормат Тоқаевпен қатар Беларусь президенті Александр Лукашенко, Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Талант Мамытов, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась қатысты.

Жиын барысында Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы коронавируспен күресте Қырғызстанға қолдау көрсеткен мемлекеттерге ризашылығын білдірді. Олардың арасында Қазақстан да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887702-tokaev-putinni-tapsyrmasymen-kelgen-lauazymdy-tlgamen-kezdesti/

pixel