Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерболат Досаев Тоқаевқа зейнетақы активтерінің жағдайы туралы есеп берді

Опубликовано:

Тоқаев пен Досаев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ерболат Досаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 11 айдағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары, әлемдік қаржы нарықтарының қазіргі ахуалы мен оларды қалпына келтірудің перспективалары туралы баяндалды.

Сондай-ақ 2025 жылға дейінгі ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы айтылды.

Президентке зейнетақы активтерінің жағдайы туралы есеп беріліп, мемлекеттік қарызды басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар Ерболат Досаев мемлекет басшысына орта мерзімді кезеңде Ұлттық Банкті және қаржы секторын цифрландырудың негізгі бағыттары туралы ақпарат берді.

Президент кездесу соңында Ерболат Досаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Козакты қабылдаған еді. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік пен одақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар парламент сенатының жалпы отырысында депутатттар ел президентіне жаңа өкілеттіктер беретін "Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы" заң жобасын қабылдаған болатын.

Сенатор Нұрлан Бекназаров заң жобасында облыстық маңызы бар қалаларды басқа елді мекендерге айналдыру құзыретін анықтайтын түзетулер енгізілгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887709-erbolat-dosaev-tokaevka-zejnetaky-aktivterini-zagdajy-turaly-esep-berdi/

pixel