Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық саясаткерлер ток-шоуда төбелес шығарды (видео)

Опубликовано:

"Неге?" ток-шоуы
"Неге?" ток-шоуының анонсынан кадр: YouTube/Информбюро 31

"Неге?" бағдарламасыны үзіндісі желіде пайда бола салысымен қазақстандықтардың назарын өзіне аударды. Кадрларда ЖСДП бұрынғы басшысы Ермұрат Бапидің эмоцияға ерік беріп, спикерге стақан лақтырып, төбелес шығарғаны көрсетілген.

Ток-шоудың анонсы "31 арнаның" YouTube арнасында жарияланды. Ролик бар-жоғы 29 секундқа созылған. Бағдарламаның толық нұсқасы 6 желтоқсанда көрсетіледі.

Ток-шоуға "Ақиқат" жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бұрынғы төрағасы Ермұрат Бапи мен осы партияның Алматыдағы бөлімінің жетекшісі Тазабек Сәмбетбай қонақ ретінде шақырылған.

Екі саясаткердің арасындағы жанжалға тележүргізушінің Бапиге қойған сауалы түрткі болған. Журналист саясаткерге ЖСДП партиясын 200 мың долларға сатқаныңыз рас па деген сауал қойды. Алайда сұраққа Бапи емес Сәмбетбай жауап берген.

Тазабек Сәмбетбайдың айтуынша, бұл алып-қашпа әңгімелер рас, ал партияның экс-басшысы "саудагер, көпес". Одан бөлек саясаткер Бапиді өтірік айтты деп айыптаған.

Бұған жауап ретінде Ермұрат Бапи қарсыласына су шашып, артынша стақанды лақтырған. Сондай-ақ ол Сәмбатбайға өте дөрекі сөздер айтқан.

Осы кезде екеуі де эмоцияға беріліп, бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Ал ток-шоу жүргізушісі болса, қонақтарды сабырға шақырған. Дәл осы сәтте ролик бітетіндіктен, даудың немен аяқталғаны белгісіз.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда кезектен тыс өткен президент сайлауына Ермұрат Бапи қатысуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887851-kazakstandyk-saasatkerler-tok-souda-tbeles-sygardy-video/

pixel