Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутаттарға шетелде есепшот ашуға тыйым салынды

Опубликовано:

Фото
Фото: Парламент сенатының баспасөз қызметі

Сенат депутаттары қылмыстық процесте азаматтар құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге арналған заң қабылдады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев судьялар мен құқық қорғаушылардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігі күшейтіліп отырғанын атап өтті. 

Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлерге, депутаттық корпусқа және судьяларға шетелдік банктерде есепшот ашуға тыйым салынады, деді ол.

Сенат төрағасының сөзінше, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға да тыйым салынады.

Одан бөлек, қылмыстық жауапқа тартылған азаматтардың құқығын қорғау мақсатында тиісті органдардың негізгі шешімдерін прокурормен келісу және бекіту міндеті енгізілмек.

"Енді, осы басымдықтарды қылмысты тергеу және сот ісін жүргізу кезінде дұрыс қолдану керек", - деді Мәулен Әшімбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін мәжіліс несиеге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған еді.

Оған сәйкес, микроқаржы ұйымдары азаматтарға несие берген уақытта, оның пайызын қосқандағы жалпы соманы келісімшарттың бірінші бетінде көрсетуі тиіс.

Тиісті құжат азаматтардың несиені бұдан әрі тым көп алуына жол бермеу және тұтынушылық несие берудің оңтайлы өсу қарқынын қамтамасыз ету мақсатында дайындалған.

Сонымен қатар ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев елімізде несие алғандардың саны артқанын жеткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1888787-deputattarga-setelde-esepsot-asuga-tyjym-salyndy/

pixel