Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ сайлаушыларының дауыс беруі Джо Байденнің жеңісін растады

Опубликовано:

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Getty Images/ Chip Somodevilla / Staff

Джо Байденнің АҚШ президенті болып сайлануын сайлаушылардың дауыс беруі растады. Демократ мемлекет басшысы лауазымына сайлану үшін сайлаушылардың қажетті санын жинаған.

Қажетті дауыс саны - 270. Байден үшін сайлаушылар 306 дауыс берген, Дональд Трамп үшін 232 деп жазады РИА Новости. АҚШ-тың қазіргі президенті нәтижелерге қарсы шығуға тырысқан штаттар барлық сайлау дауысын Джо Байденге бергені анықталды.

Сайлаушылар дауыс беруі сайлауды ресми деп таныды. Соған қарамастан, олар конргесстің бірлескен сессиясындағы сайлау қорытындысын бекіткен соң нақты расталады. Ол 2021 жылдың 6 қаңтар күні өтеді. АҚШ-тың жаңа президенті қызметке 2021 жылдың 20 қаңтарында ұлықтау рәсімінен соң кіріседі.

Сондай-ақ, даулы штаттарда сайлаушыларға балама дауыс беру өткізіліп жатқаны туралы хабарланды деді қазіргі президенттің кеңесшісі Миллер.

Олар нәтижені конгресске бермек ниетте.

"Конституциядағы жалғыз уақыт - 20 қаңтар. Сондықтан, бізде әділетсіз сайлаудың қателерін түзетіп, Дональд Трампты жеңімпаз ретінде бекітуге уақыт бар",- деді мемлекет басшысының өкілі.

Айта кетейік, Дональд Трамп бүгінгі күнге дейін сайлау нәтижелерін қабылдаған жоқ. Ол сайлауда жаппай заңбұзушылық болды деп есептейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1889452-aks-sajlausylaryny-dauys-berui-dzo-bajdenni-zeisin-rastady/

pixel