Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Қытайға нота жолдады

Опубликовано:

Сыртқы істер министрлігі
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Қытайға шекарадағы жағдайға байланысты нота жолдады. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді деп хабарлайды baq.kz.

"Пандемия жағдайында Қытай қазақстандық тараптан қабылданған автокөлік құралдарының санын тәулігіне 20-30 бірлікке дейін шектеді. Ал пандемияға дейін күн сайын 200-ден астам көлік құралы "Нұр жолы" бақылау-өткізу пункті арқылы Қытай жағына өтетін. Бақылау-өткізу бекеттерінің өткізу қабілетін арттыру және жағдайды шешу үшін Қытай тарапымен келіссөздер жүргізілді", - деп жауап берді Үкімет басшысы.

Ол 10-24 қараша аралығында Қытай тарапы 381 көлік құралын қабылдағанын айтқан. Бұл мәселені шешу үшін Сыртқы істер министрлігі Қытайдың Қазақстандағы елшілігіне нота жолдаған екен.

Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстан Беларусьқа наразылық нотасын жолдағанын жазған едік.

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Беларусь елшілігінен Лукашенконың іздеуде жүрген қырғызстандық экс-премьермен кездесуіне байланысты түсініктеме талап еткен.

Одан бөлек, "Қазақстанның территориясы - Ресей тарапынан үлкен сыйлық" деген мәлімдеме жасаған Ресей мемлекеттік думасының депутатына қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі пікір білдіргенін жазған болатынбыз.

Бұл мәлімдемеге қатысты Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Ресей Федерациясының Уақытша сенімді өкілі Александр Комаровпен кездесу барысында пікір білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1889477-kazakstan-kytajga-nota-zoldady/

pixel