Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні:

Фото
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары қызметіне Қайрат Бекенов тағайындалды деп жазады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов активке жаңа орынбасарын таныстырып, жұмысына табыс тіледі", - деп хабарлады Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты орынына Қайрат Бекенов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Қайрат Асқарбекұлы Бекенов 1978 жылы 31 қазанда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "экономист" мамандығы бойынша, құқық және нарық академиясын "Заңгер" мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын "Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі" мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Алматы қаласының салық инспекторы, қаржы министрлігінің үкіметтік қарыздарды тарту департаменті басқармасының бастығы, президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы болған.

Сонымен қатар Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, "Ақтөбе" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Жаңа қызметіне дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс бөлімінің басшысы Тимур Басаровтың ұсталғаны хабарланған еді.

Кейін Таубаев пен Басаровтың екі айға қамауға алынғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1889644-atyrau-oblysy-kimini-zaa-orynbasary-tagajyndaldy/