RU

Помпео Ресейді АҚШ-тың жауы деп атады

Майк Помпео
Майк Помпео. Фото: Elijah Nouvelage/Bloomberg via Getty Images

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ресей Американың дұшпандары тізімінде екенін айтты деп хабарлайды РИА Новости.

"Менен әрдайым біздің жауымыз кім деп сұрайды және бұған жауабым: өмір салтымызға, республикамызға, негізгі демократиялық қағидаларға нұқсан келтіргісі келетіндер көп. Ресей сөзсіз осы тізімде", – деді Помпео өз сұхбатында.

Әдетте АҚШ-тың ресми өкілдері Ресейді жау емес, қарсылас деп атайды. Помпеоның өзі осы аптаның басында Вашингтонның Мәскеуге деген көзқарасы туралы айтқан кезде "бәсекелестік" тұжырымдамасын қолданды.

Мемлекеттік хатшы АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдарындағы Ресейдің соңғы кибершабуылдарға қатысы бар деген ақпаратты еске түсірді.

"Біз мұндай жағдайды өте ұзақ уақыттан бері байқап келеміз. Асимметриялық потенциалды пайдаланып, олар АҚШ-ты ақы төлеуге апаратын жағдайға жеткізуге тырысады", – деп қосты Помпео.

Ол сонымен бірге Ресей басшылығы "бостандықты сүйетін адамдар үшін нақты қауіп" екенін айтты. Сонымен қатар, Помпео Ресейден келетін қауіптің аз емес екенін айта келе, Қытайды да АҚШ-қа қауіп төндіріп тұрған елдер қатарына қосты.

Еске салсақ, АҚШ-та коронавирусқа қарсы жаппай вакцина салу басталғалы жатқаны туралы жазған едік.

Оған қоса, Джо Байденнің АҚШ президенті болып сайлануын сайлаушылардың дауыс беруі растады. Демократ мемлекет басшысы лауазымына сайлану үшін сайлаушылардың қажетті санын жинаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1889860-pompeo-resejdi-aks-ty-zauy-dep-atady/