Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрлігінің бұрынғы бөлім басшысы пара алғаны үшін сотталды

Опубликовано:

Жемқорлық
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қорғаныс министрлігі кадр және әскери білім департаментінің бұрынғы басшысы генерал-майор Көпбаев пара алғаны үшін сотталды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Телеграмм арнасына сілтеме жасап.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, пара алу фактісі бойынша қорғаныс министрлігі кадр департаментінің бұрынғы басшысы генерал-майор Қ.Р. Көпбаевқа қатысты қылмыстық істі аяқталған.

2019 жылдың мамыр айында Көпбаевтың Ақтөбе қаласы "Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты" РММ-іне офицерлік лауазымға тағайындағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды.

Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімімен Көпбаев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен бірге, сот ел президентінің атына Көпбаевты генерал-майор әскери атағынан және "Құрмет" орденінен айыру туралы ұсыныс енгізеді.

Еске сала кетсек, осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті пара алды деп айыпталған "Семей эксплутациялық бөлімінің" басшысы Хамзин мен орынбасары Мұратовқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабардар етті.

Соынмен қатар, Нұр-Сұлтан әуежайынан 1,7 млрд ұрлануына байланысты қылмыстық іске қатысы барларға сот үкімі шығарылды. Экс-қызметкерлер ұзақ мерзімге сотталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1889985-korganys-ministrligini-bryngy-blim-bassysy-para-algany-sin-sottaldy/

pixel