RU

"Теңіз" кенішіндегі коронавирус: Тоқаев ТШО басшысымен кездесті

Тоқаев
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Теңізшевройл" ЖШС-ның бас директоры Имер Боннерді қабылдады деп жазады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Теңізшевройл" компаниясының өндіріс орындары мен "Теңіз" кенішіндегі короновирус індетіне қарсы күрес жұмыстары жайында баяндалды.

Кездесуде көмірсутегі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және компанияның алдағы 3-4 жылдағы даму перспективалары туралы айтылды.

Мемлекет басшысы "Теңізшевройл" компаниясы іске асырып жатқан жобаларда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Имер Боннерге Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі және компаниядағы табысты жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

Айта кетсек, "Теңіз" кеніші орналасқан Атырау облысында тәулік ішінде 49 адамда коронавирус анықталды. Қазіргі таңда "Теңіз" кенішіндегі инфекциялық стационарда 342 адам жатыр, 228 науқас үйінде емделуде, облыстық инфекциялық стационарда – 86 пациент, ал аудандық инфекциялық стационарларда 13 адам жатыр, деп жазады өңірлік ATPress басылымы.

8 желтоқсаннан Теңізде карантин күшейтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1890238-teiz-kenisindegi-koronavirus-tokaev-tso-bassysymen-kezdesti/