Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан 1,5 млрд еуро қарыз алады: Сәйкесінше заңға қол қойылды

Опубликовано:

Еуро
Көрнекі сурет: © Sputnik / Евгений Биятов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азия банктерінен 1,5 миллиард еуро қарыз туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды деп жазады Sputnik Қазақстан.

Президент Қазақстан Республикасы мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы "Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды. Бұл СOVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар және шығыстарды қолдау бағдарламасы екені көрсетілген. Кредит сомасы 661 миллион 800 мың еуроны құрады.

Сонымен қатар президент "Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (жай операциялар) ратификациялау туралы" заңға қол қойды. Кредит сомасы 908 миллион 596 мың еуроны құрады.

Айта кетсек, 10 желтоқсан күні сенат Қазақстанның Азия даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 1,5 миллиард еуро қарыз алу келісімдерін ратификациялаған болатын.

Қаражат қайда жұмсалмақ

Қаржы министрлігі аталмыш қарыз халықтың тұрмысы төмен тобын қорғауға бағытталғанын хабарлаған еді.

Одан бөлек, өңірлерді, инфрақұрылымды Бизнестің жол картасы бойынша қолдау, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық іс-шараларды іске асыруға да жұмсалмақ.

Экспорт секторында бүгінгі таңда қалыптасқан күрделі ахуалды ескере отырып, әлемдік нарыққа шығу жөніндегі шараларға да қаржының бағытталатыны алға тартылды.

Сонымен қатар, жеңілдікпен кредит беруге де ден қойылмақ. Қарыздың шамамен 70-80 пайызы осы шараларға бағытталады. Халықтың тұрмысы төмен топтарын қорғау бойынша соманың 10-15%-ін бағыттау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, қарыздар 2021 жылдағы бюджет тапшылығын қаржыландыруға да бөлінбек. Қаражат Қазақстан үкіметінің COVID-19 пандемиясының салдарымен күрес және экономиканы қалпына келтіру жөніндегі шараларын қолдауға мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1890265-kazakstan-15-mlrd-euro-karyz-alady-sjkesinse-zaga-kol-kojyldy/

pixel