Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзербайжан президенті қазақстандық компанияларға үндеу жасады

Опубликовано:

Ильхам Әлиев
Ильхам Әлиев. Фото: Sean Gallup/Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президентімен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Президент Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің достас Әзербайжанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, БҰҰ Жарғысы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес мемлекеттің территориялық тұтастығын қорғауға қосқан елеулі үлесін атап өткен.

Сонымен қатар мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты бірлескен міндеттер, сондай-ақ халықаралық аренадағы ықпалдастық жайын талқылаған.

Сонымен бірге Ильхам Әлиев қазақстандық компанияларды Таулы Қарабақты қайта қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға шақырған.

Еске салсақ, бұған дейін үшжақты келісімге қол қойылғаннан кейін Әзербайжан әскерилерінің бақылауына өткен Физулин және Джабраиль аудандарына Ильхам Әлиев барған еді.

Ол Армения Таулы Қарабақ аумағында инфрақұрылымды бұзғаны үшін халықаралық сотта жауап береді деп мәлімдеме жасады.

Оған қоса, Армения сыртқы істер министрі Зограб Мнацаканян және Әзербайжан сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов 24 қазанда АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Стивен Биганмен кездесіп, "гуманитарлық мақсаттарда атысты тоқтату туралы келісімді орындау және сақтау бойынша өз елдерінің міндеттемелерін" растаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1890823-zerbajzan-prezidenti-kazakstandyk-kompanialarga-ndeu-zasady/

pixel