Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға арналған мораторийді ұзартты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы жарлыққа өзгерістер енгізді. Тиісті қаулы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Сайтта хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев "Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы қаулыға қол қойған.

"Қаулы етемін: квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 245-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"1.  2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, оған мыналар:", – делінген ресми құжатта.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салсақ, Қазақстан прездиенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойған еді.

Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобасы сенатта ағымдағы жылдың желтоқсан айында мақұлданған.

Айта кеткен жөн, бұған дейін мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдаған болатын.

Қазақстан президенті соттардың кәсібилігі мен адалдығы ең басты құндылық болуы керек екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1891213-tokaev-kvazimemlekettik-sektor-subektilerin-kruga-arnalgan-moratorijdi-zartty/

pixel