Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министріне тапсырма берді

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: elbasy.kz

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады деп хабарлайды Elbasy.kz.

Кездесу барысында Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қарулы күштердің жауынгерлік және жедел дайындығының нәтижелері, сонымен қатар оны жетілдіру бағытында қабылданған шаралар туралы баяндалды.

Одан бөлек, Қорғаныс министрі әскери медицинаның дамуы және Қарулы күштердің коронавирус пандемиясына қарсы іс-шараларға атсалысқаны жөнінде айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салсақ, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының құрылысына бөлінген ақшаның қалай жұмсалып жатқанын айтып берген еді. Назарбаевтың сөзінше, бұл мәселе ылғи көтеріледі.

Одан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасындағы "Штрихи к портрету" деректі фильмінде көптеген адамдардың президент өмірі туралы пікірі шындыққа мүлде жанаспайтынын сөз етті. Оның айтуынша, президент үнемі күйзеліс жағдайында болады.

"Сағат 7-де тұрып, дайындаласың. Сағат 9-ға қарай жұмысқа кірісесің, ал қашан қайтатының - бұл бөлек әңгіме. Кейде кешкі сағат 9-ға дейін, кейде сағат 10-ға дейін отырасың, жағдай соған келтіреді", - деген еді Назарбаев президент болған кездерін есіне алып.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1891421-nrsltan-nazarbaev-korganys-ministrine-tapsyrma-berdi/

pixel