Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис ел алдында коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Опубликовано:

Камала Харрис
Камала Харрис. Фото: instagram.com/kamalaharris

АҚШ-тың жаңа вице-президенті Камала Харрис тікелей эфир кезінде коронавирусқа қарсы вакцина салдырды деп жазады РИА Новости.

Камала Харрис осылайша АҚШ халқына үлгі көрсеткісі келген.

"Міне, мен де вакцина салдырдым... Мен барлығыңызды екпе салдыруға шақырамын. Бұл тез, қауіпсіз әрі ешқандай ауырсынуды сезінбейсіз... Бүгін менің күйеуім де екпе салдырады. Мен вакцинаның екінші бөлігін салдыратын уақытты күтемін. Мұнда адам өмірін сақтап қалу хақында сөз болып отыр. Мен ғалымдарға сенемін", - дейді ол процедурадан кейін.

Вице-президентің сөзінше, оған Moderna компаниясының препараты салынған.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден де халық алдында коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еді.

"Вакцина барынша қолжетімді болған кезде америкалықтар оны қабылдауға дайын болулары керек. Уайымдаудың еш қажеті жоқ. Ең маңыздысы, бұл вакцина жай бастамасы ғана. Алдағы уақытта "Модерна" екпесі де қолжетімді болады. Бірақ ол үшін белгілі бір уақыт қажет.

Бастысы, денсаулық сақтау мамандарының кеңесіне немқұрайлы қарамаңыздар. Алдағы мереке күндері маска тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтауды қаперлеріңізде ұстаңыздар", – деген еді Джо Байден.

Айта кетейік, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1891776-aks-ty-vice-prezidenti-kamala-harris-el-aldynda-koronaviruska-karsy-vakcina-saldyrdy/

pixel