Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан тумасы Ресейде спорт министрі болды

Опубликовано:

Сергей Кочан
Фото: 19rus.info

Қазақстанда дүниеге келген 59 жастағы Сергей Кочан Хакасия Республикасының спорт министрі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа өңір басшысы Валентин Коновалов қол қойған.

Сергей Кочанның соңғы жұмыс орны "Сибиряк" ОРСМ МАМ болған. Онда Сергей мекеме директоры қызметін атқарды деп жазады "Сибирское Агентство Новостей" басылымы.

Сергей Владимирович 1961 жылы 24 шілдеде Талдықорған облысының Киров кентінде (қазіргі Алматы облысы аумағының бір бөлігі) дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Красноярск түсті металдар институтын, сондай-ақ Красноярск мемлекеттік педагогикалық университетінің Дене шынықтыру және спорт факультетін тәмәмдаған.

Оның алғашқы жұмыс орны Қазақстандағы қант зауыты болған.

Сергей Кочан ол жерде 1977 жылдан бастап электр жабдықтаушы болып жұмыс істеген. 1997 жылдан бастап "Энергия" спорт кешенін басқарып, спорт саласында еңбек ете бастаған.

2005 жылдан 2016 жылға дейін Красноярск қалалық әкімдігінің спорт жөніндегі бас жетекшісі болған, содан кейін әлеуметтік мәселелер бойынша қала басшысын алмастырған.

Сергей Кочан 2018 жылы Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2019 дирекциясына ауысқан. Бұл жерде ол директордың орынбасары қызметін атқарған.

Басылым дерегінше, әкімдікте жұмыс істеген жылдар ішінде Сергей Кочан қаладағы ең көне стадиондардың бірін қалпына келтіруге, бірнеше оқу орынның ашылуына, 250-ден астам спорт алаңын жабдықтауға атсалысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1891812-kazakstanny-elektromonteri-resejde-sport-ministri-boldy/

pixel