RU

Қостанай облысында мерзімінен бұрын дауыс беру басталғаны туралы ақпарат тарады

Сайлау
Фото: sputniknews.kz

Әлеуметтік желіде осы аптада Қостанай облысында жабық сайлау учаскелерінде мерзімінен бұрын дауыс беру басталғаны туралы ақпарат тарады. Осы ретте облыстық сайлау комиссиясы бұл хабарды ресми түрде жоққа шығарды деп жазады StopFake.kz.

Мерзімінен бұрын сайлау өтіп жатқаны туралы ақпаратты 4 желтоқсанда Ермек Нарымбай Facebook парақшасында хабарлады.

Оның жазуынша, Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы "Сосновый" шипажайы учаскесінде мерзімінен бұрын дауыс беру басталған. Нарымбай бұл ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұраған.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашко жазбада көрсетілген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Малашко еліміздің "Сайлау туралы" заңына сәйкес бюллетеньдер учаскелік сайлау комиссияларына сайлаудан 1-3 күн бұрын жеткізілетінін айтты.

"Аумақтық сайлау комиссиялары, әсіресе учаскелік комиссияларға әлі бюллетеньдер берілген жоқ. Сондықтан дауыс берудің өткізілуі мүмкін емес", - дейді Александр Малашко.

Ол шипажай аумағындағы сайлау учаскесінің уақытша екенін атап өтті. Ал дауыс беретін сайлаушылардың тізімі сайлауға бес күн қалғанда ғана нақтыланады. Яғни, бүгін 5 қаңтарда шипажайда қанша адам демалатыны белгілі болады.

"Осыдан кейін ғана учаскеге қажетті бюллетеньдер саны жеткізіледі. Бұл сайлауға бір күн қалғанда болады. Яғни, бюллетеньдер тек 8-і күні ғана жеткізіледі. 4 қаңтарда "мерзімінен бұрын дауыс берудің" өткізілуі мүмкін емес", – дейді Александр Малашко.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1892316-kostanaj-oblysynda-merziminen-bryn-dauys-beru-bastalgany-turaly-akparat-tarady/