RU

Конгресс Байденнің АҚШ президенті болып сайлануын ресми түрде бекітті

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Joe Raedle/Getty Images

АҚШ Конгресі Джо Байденнің президент болып сайлануын ресми түрде бекітті. Демократтар партиясының өкілі конгреспен бекітілген 270-тен астам сайлаушылар дауысына ие болды.

Сайлау нәтижелерін бекіту Трамп жақтастарының Капитолийге баса көктеп кіріп, наразылық шараларын өткізуіне қарамастан, жалғасын тапқан деп жазады РИА Новости. АҚШ астанасында коменданттық сағат енгізіліп, наразылық білдірушілер ұсталды.

Конгрессте сайлаушылардың дауыстарын бекіту президенттік сайлау нәтижелерін жоққа шығарудың конституциялық мүмкіндіктерін толыққанды жоятынына баса назар аударылған.

Осылайша 78 жастағы Джозеф Байден АҚШ-тың 46-шы президенті болды. Инаугурация 20 қаңтарға жоспарланып отыр.

Еске салсақ, 7 қазанда Дональд Трамптың жақтастары Капитолийге, одан кейін Вашингтондағы Сенат залына баса көктеп кірген еді. Онда президенттік сайлаудың нәтижелерін бекітуге бағытталған кездесулер өтуі тиіс болған.

Кейін Дональд Трамп жақтастарының Капитолийді басып алуы кезінде қаза тапқандардың саны төртке жеткені белгілі болды.

Байден Трамптың жақтастарының Вашингтондағы Капитолийге баса көктеп кіруін жай наразылық емес, бүлік деп атады. Байден Трамптан өз жақтастарының әрекетін дереу бұрыс деп табуын талап етуде.

Сол арада Instagram, Facebook, Twitter және Youtube Дональд Трамптың аккаунтын бұғаттап тастады. Әлеуметтік желілердің әкімшілігі мұндай видео олардың талаптарын бұзатынын мәлімдеген. Осылайша, АҚШ президенті осы уақыт аралығында аталмыш тұғырнамаларда ештеңе жариялай алмайтын болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1892636-kongress-dzo-bajdenni-aks-prezidenti-bolyp-sajlanuyn-bekitti/