Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әділ Қожықов "Азаматтарға арналған үкіметті" басқаратын болды

Опубликовано:

Әділ Қожихов пен Бағдат Мусин
Бағдат Мусин пен Әділ Қожихов. Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметі

Әділ Қожықов "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының" КЕАҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік корпорация командасының басшысын цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы болып табылатын Бағдат Мусин таныстырды.

Әділ Қожықов– әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Саяси ғылымдар мамандығы бойынша түлегі.

Еңбек жолын 2000 жылы Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінде ғылыми қызметкер болып бастаған.

Кезінде ол Сыртқы істер министрлігі жанындағы сыртқы саясат және талдау орталығында, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында, премьер-министрдің кеңсесінде жұмыс істеген.

2019 жылдан бастап соңғы тағайындалғанға дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

Еске салсақ, "Қара бүркіт" колониясының жаңа басшысы тағайындалды. Бұл қызметке әділет подполковнигі Нұрбек Қабдікәрімов келді.

Айта кеткен жөн, қымбат смартфон сатып алуға байланысты ісі Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Ринат Қойсоймасов қызметінен босатылды.

Оған қоса, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Швеция мен Даниядағы елшісі Қайрат Әбдірахмановты қызметінен босату туралы құжатқа қол қойғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1892845-dil-kozykov-azamattarga-arnalgan-kimetti-baskaratyn-boldy/

pixel