RU

Назарбаев әйелдердің қандай қасиеттерін бағалайтынын айтты

Елбасы
Фото: Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаев Хабар арнасындаңы "Штрихи к портрету" деректі фильмінде әйелдердің қандай қасиеттерін бағалайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

"Әйелдер әртүрлі болады. Бір әйел әдемі, сымбатты, оның әйелге тән нәзіктігі болады. Тағы бір әйел отбасы үшін, баласы үшін жаралады. Ол өте ұқыпты, жақсы көретін әйел, сенің нағыз досыңа айналады. Көмектеседі, кеңесін айтады. Қарым-қатынаста ешқандай құпия болмайды. Әйелдің үшінші түрімен басқа жақын байланыс болады, ол – махаббат, сезім. Егер осының бәрі бір әйелдің бойынан табылса, ол өте жақсы", - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев ер мен әйелдің арасында үлкен құрмет, сенім, өмір сүруді жеңілдететін махаббат болуы қажет екенін жеткізді.

Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті жас отбасылардың тез ажырасып кететіні қатты алаңдататынын жасырған жоқ.

"Неге бұлай болады? Өйткені бәрі асығады. Бір-бірін тану тиіс. Егер қызға "сен әлемдегі ең ғажап қызсың" деп айтатын адамды әйелқұмар деуге болады. Салыстыратындай, ол әлемдегі бар қызды танып болып па? Немесе "сенің шашың немесе көзің әдемі" деп айту да әділ емес. Сенімен өмірдің қиындығы мен қуанышында қатар жүргім келеді десе, бұл басқа әңгіме", - деді Елбасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1892864-nazarbaev-jelderdi-kandaj-kasietterin-bagalajtynyn-ajtty/