Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Репрессия болмайды": Тоқаев сайлаудан кейін елімізде болуы мүмкін наразылықтар туралы айтты

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісі депутаттарының сайлауынан кейін Қазақстанда болуы мүмкін наразылықтар туралы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мен наразы көңіл күй әлемнің барлық елдерінде бар деп есептеймін, бұл белгілі болды. Полицияға келетін болсақ, олар қатаң заңға сәйкес әрекет ететін болады.

Сіз айтқандай наразы көңіл-күйге қарсы ешқандай репрессиялық шаралар қолданылмайды. Біздің құқық қорғау органдары біздің заңнамаға сәйкес жұмыс істейтін болады", - деп Тоқаев журналистердің сауалына жауап берді.

Еске сала кетсек, Қазақстан прездиенті Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайы ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.

Мемлекет басшысы елде сайлауға байланысты митинг бола қалған жағдайда, полиция қызметкерлері заңға сәйкес әрекет ететінін мәлімдеп, наразылыққа қатысушылар қудаланбайды деп сендірді.

Сонымен бірге президент Қазақстан заңнамасына сәйкес, мәжіліс сайлауынан кейін үкімет отставкаға кетуі тиіс екенін айтты.

"Біздің заңнамаға сәйкес, үкімет отставкаға кетуі тиіс. Мен сайлау аяқталғаннан кейін парламентке барып, фракция жетекшілерімен, депутаттардың жаңа құрамымен премьер-министр мен үкімет мүшелерінің кандидатурасын ақылдасамын", - деді Тоқаев мәжіліс сайлауында дауыс бергеннен кейін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1892897-repressia-bolmajdy-tokaev-sajlaudan-kejin-elimizde-boluy-mmkin-narazylyktar-turaly-ajtty/

pixel