Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Кемелұлы 15 қаңтарда үндеу жасайды

Опубликовано:

Тоқаев1
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыс бергеннен кейін 15 қаңтарда үндеу жасауға дайындалып жатқанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевтан Қазақстанда дайындалып жатқан реформалар туралы сұрады.

"Реформалар әзірленіп жатыр. Реформалар тоқтамауы тиіс. 15 қаңтарда мен парламентте, соның ішінде мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасаймын. Содан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтеді, ол жерде реформаларға қатысты өте маңызды әңгіме болады", - деп мәлімдеді Тоқаев.

Еске сала кетсек, Қазақстан прездиенті Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайы ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.

Сонымен бірге президент Қазақстан заңнамасына сәйкес, мәжіліс сайлауынан кейін үкімет отставкаға кетуі тиіс екенін айтты.

"Біздің заңнамаға сәйкес, үкімет отставкаға кетуі тиіс. Мен сайлау аяқталғаннан кейін парламентке барып, фракция жетекшілерімен, депутаттардың жаңа құрамымен премьер-министр мен үкімет мүшелерінің кандидатурасын ақылдасамын", - деді Тоқаев мәжіліс сайлауында дауыс бергеннен кейін.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісі депутаттарының сайлауынан кейін Қазақстанда болуы мүмкін наразылықтар туралы сөз қозғады. Мемлекет басшысы ешқандай репрессиялық шаралар қолданылмайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1892971-kasym-zomart-kemelly-15-katarda-ndeu-zasajdy/

pixel