Түркия президенті Ердоған WhatsApp мессенджерінен бас тартты
Опубликовано:

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған WhatsApp мессенджерін пайдаланудан бас тартты деп хабарлайды РИА Новости.
Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның мұндай шешіміне мессенджердің құпиялылық саясатының өзгеруі себеп болған.
Енді Түркия президентінің әкімшілігі бұған дейін WhatsApp-та құрылған топтарды Turkcell Iletisim Hizmetleri AS-ке тиесілі BiP қосымшасына көшірмек.
Ердоғанның баспасөз қызметі журналистерге осы қосымшаға ауысуға кеңес берді.
Еске сала кетсек, бұған дейін 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ескі смартфондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істеуін тоқтататынын жазған едік.
Қосымша операциялық жүйе iOS 9 немесе Android 4.0.3-ке жаңартылмаған құрылғыларда істен шығады. Ең алдымен, бұл iPhone 4 және оның ерте шыққан модельдеріне қатысты.
iPhone 4S, iPhone 5, iPhone 5S, iPhone 5C, iPhone 6 және iPhone 6S смартфондарында WhatsApp қайтадан жұмыс істеуі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді iOS 9-ға жаңарту керек.
Бұдан бөлек, хаттарды жоғалтып алмас үшін олардың резервтік көшірмесін жасау ұсынылды.
Сонымен бірге телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған болатынбыз.
Сарапшы мамандар алаяқтардың жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893030-trkia-prezidenti-erdogan-whatsapp-messendzerinen-bas-tartty/