Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамин Тоқаев төрағалық ететін үкіметтің кеңейтілген отырысы жөнінде айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асқар Мамин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асқар Мамин. Фото: Ақорда

Министрлер кабинетінің басшысы үкіметтің онлайн отырысында қаңтар айының соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кеңейтілген отырыс өтетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үкіметтің бүгінгі отырысында елдің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы талқыланған.

Асқар Мамин пандемия мен әлемдік экономикалық дағдарыстың айтарлықтай әсеріне қарамастан Қазақстан экономикасы тұрақтылығын көрсеткенін айтты.

Оның айтуынша, нақты сектордың, оның ішінде өңдеу, құрылыс және ауылшаруашылығының негізгі секторларының өсуі экономика тұрақтылығыны басты факторына айналған.

Үкімет басшысы экономикадағы тұрақтылықтың арқасында жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға дейін ұстап тұруға мүмкіндік болғанын, соның арқасында халықтың табысы айтарлықтай төмендемегенін атап өтті.

Сонымен бірге премьер-министр елдегі эпидемиологиялық ахуалдың бақылауда екенін айтты. Осыған байланысты қызмет көрсету секторы біртіндеп қалпына келе бастаған.

"Өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары және биылғы міндеттер қаңтар айының соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысында егжей-тегжейлі қарастырылатын болады", - дейді Мамин.

Еске сала кетсек, бұған дейін Досаев коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация әлемдік экономикаға оң әсер ететінін айтқан еді.

Сонымен бірге Досаев 2020 жылы теңгенің не себепті әлсірегенін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893277-mamin-tokaev-tragalyk-etetin-kimetti-keejtilgen-otyrysy-zninde-ajtty/

pixel