Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-тың 50 штатында қарулы наразылық акциялары болады деп күтілуде

Опубликовано:

АҚШ
Көрнекі фото: Ашық дереккөз

АҚШ-тың барлық штаттарында жаппай қарулы наразылықтар болады деп күтілуде. Бұл туралы ABC News телеарнасының журналисі Аарон Катерский федералдық тергеу бюросының ішкі құжаттарына сілтеме жасап мәлімдеді.

Құжатқа сәйкес 16 қаңтардан бастап наразылық акциялары заң шығарушы органдардың алдында, ал 17-20 қаңтар аралығында Капитолий маңында өтеді деп болжанып отыр.

Наразылық акциялары жаңа президент Джо Байденді ұлықтау кезінде басталуы мүмкін. Қарулы адамдар тобы 16 қаңтарда Вашингтонға бет алады деп күтілуде.

Олар көпшілікті Трамп инаугурацияға дейін қызметінен аластатылса, барлық деңгейдегі соттар мен әкімшілік ғимараттарды басып алуға шақырып отыр.

"Егер Конгресс 25-ші түзету арқылы президентті қызметінен кетіруге тырысса, олар үлкен көтеріліс болатынын ескертуде", - деді журналист.

Дүйсенбіде Өкілдер палатасындағы демократ-депутаттар вице-президент Майк Пенстен және министрлер кабинетінен 25-ші түзетуді қолдануды талап етіп, Трампты өзінің президенттік міндеттерін одан әрі орындай алмайтындай ету керектігін және Пенсті 20 қаңтарда Байденнің инаугурациясына дейін президенттің міндетін атқарушы етіп тағайындау қажеттігін мәлімдеген еді.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп 20 қаңтарға жоспарланған инаугурация дау-дамайсыз өтуі үшін Колумбия аймағында төтенше жағдай енгізген болатын. Төтенше жағдай режимі 2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап 24 қаңтарға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893304-aks-ty-50-statynda-karuly-narazylyk-akcialary-bolady-dep-ktilude/

pixel