RU

WhatsApp-тан бас тартқан Ердоған Telegram-да тіркелді

Режеп Тайып Ердоған
Режеп Тайып Ердоған. Фото: Okan Ozer/Anadolu Agency/Getty Images

Жақында ғана WhatsApp мессенджерінен бас тартқан Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Telegram-ға тіркелді деп жазады lenta.ru.

Түркия басшысы Telegram-арнасын 12 қаңтарда ашқан. Қазірдің өзіңде оның Telegram-на 168 621 оқырман жазылған.

"Қайырлы таң! Мүмкіндігім болған кезде сіздермен күн тәртібімді бөлісемін", - деп жазды Ердоған.

Сонымен бірге ол оқырмандарына алғыс айтып, түркиялық BiP мессенджерінде ресми тобы ашылғанын хабарлады.

Еске сала кетсек, Режеп Тайып Ердоғанның WhatsApp мессенджерін пайдаланудан бас тартқан болатын.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның мұндай шешіміне мессенджердің құпиялылық саясатының өзгеруі себеп болған.

Енді Түркия президентінің әкімшілігі бұған дейін WhatsApp-та құрылған топтарды Turkcell Iletisim Hizmetleri AS-ке тиесілі BiP қосымшасына көшірмек.

Ердоғанның баспасөз қызметі журналистерге осы қосымшаға ауысуға кеңес берді.

Айта кетсек, бұған дейін 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ескі смартфондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істеуін тоқтататынын жазған едік.

Қосымша операциялық жүйе iOS 9 немесе Android 4.0.3-ке жаңартылмаған құрылғыларда істен шығады. Ең алдымен, бұл iPhone 4 және оның ерте шыққан модельдеріне қатысты.

iPhone 4S, iPhone 5, iPhone 5S, iPhone 5C, iPhone 6 және iPhone 6S смартфондарында WhatsApp қайтадан жұмыс істеуі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді iOS 9-ға жаңарту керек.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/1893515-whatsapp-tan-bas-tartkan-erdogan-telegram-da-tirkeldi/