Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев парламент сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы" жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорда.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1. Жетінші  шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген құжат мәтінінде.

Еске сала кетспек, Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихат сайлауы өтті. Дауыс беру сағат таңғы жетіден кешкі сегізге дейін жалғасты.

Парламенттік сайлауда барлығы 10 060 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Соның ішінде 66-сы 53 елде Қазақстанның шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан ашылды.

Ал сайлаушылар тізіміне 11 915 903 қазақстандық енген.

Кеше 7-ші шақырылған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің толық құрамы хабарланды.

Мәжілісте барлығы 107 депутаттық орын бар.

10 қаңтарда өткен сайлау нәтижесінде сайлаушылардың ең көп даусын жинаған үш партия мәжіліске өтті.

Мәжілістегі депутаттық мандат: "Nur Otan" партиясы – 76 мандат, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы – 12 мандат, Қазақстан Халық партиясы - 10 мандат.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Мәжіліске сайланған тоғыз депутат бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893642-tokaev-parlament-sessiasyn-sakyru-turaly-zarlykka-kol-kojdy/

pixel