Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дариға Назарбаева мәжіліс депутаты болды

Опубликовано:

Мәжіліске сайланған әйел депутаттар
Фото: ҚР Сенаты баспасөз қызметі

Дариға Назарбаева Орталық сайлау комиссиясында Парламент мәжілісінің сайланған депутаты ретінде тіркелді. Оған атаулы куәлік пен төсбелгі табыс етілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, мәжіліс депутаттарын сайлау 10 қаңтар күні өтті. Оған Қазақстан халық партиясы, Nur Otan, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Ақ жол" демократиялық партиясы, "Адал" саяси партиясы қатысты.

12 қаңтар күні Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудағы дауыс берудің соңғы нәтижелерін жариялады. Оған сәйкес, "Нұр Отан" партиясы 71,09%, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы 10,95%, Қазақстан халық партиясы 9,10%, "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы 5,29% "Адал" саяси партиясы 3,57% дауыс жинады.

Дауыс беру қорытындылары бойынша үш партия - "Нұр Отан", "Ақ жол" және ҚХП мәжіліске өтті.

Депутаттық мандаттар саны бойынша: "Нұр Отанда" 76 мандат, "Ақ жолда" 12 мандат, ал Қазақстан халық партиясында 10 мандат бар.

Еске сала кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымының 15 адамнан тұратын байқаушылар миссиясы 7 мен 10 қаңтар аралығында Қазақстан мәжіліс сайлауының өтуін бақылады. Сайлау күні миссия мүшелері сайлау учаскелерінің ашылуына, стационарлық және тасымалданатын жәшіктердің мөрленуіне, дауыс беру процесіне және бюллетеньдерді санауға қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893720-dariga-nazarbaeva-mzilis-deputaty-boldy/

pixel