Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Навальныйға федералдық іздеу жарияланды

Опубликовано:

Алексей Навальный
Алексей Навальный. Фото: Getty Images

Mash Telegram арнасы ресейлік саясаткер Алексей Навальныйдың 2020 жылдың 29 желтоқсанынан бастап федералдық іздеуде екенін айтты.

Жақында Навальныйдың адвокаты Вадим Кобзев Федералды қылмыстық-атқару қызметінен хабарлама алды. Онда оның клиенті ведомствоның Мәскеудегі филиалына 29 желтоқсанға дейін келуі керек екені айтылған. Егер Навальный келмей қалса, шартты жаза "Ив Роше" ісіндегі нақты үкіммен ауыстырылады.

Кейін тергеу комитеті оған қатысты қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды. Mash Telegram арнасы Алексей Навальныйдың былтыр 29 желтоқсаннан бастап федералдық іздеуде екенін айтты.

Ұсынылған құжаттарға сәйкес, іс 27 қарашада ашылған. Оппозиция өкілі "Ив Роше" ісі бойынша бақылауды елемейген.

Еске сала кетсек, Алексей Навальный жағдайы нашарлаған кезде Омсктен Мәскеуге қарай ұшқан. Ол дәретханаға кіріп, сол жерде оның денсаулығы нашарлағаны хабарланған.

Ұшақ Омскке шұғыл қонған. Блогерді ауруханаға жеткізіп, ол комаға түскен.

Айта кетсек, саясаткер Томск әуежайында шай ішкен. Ал ұшақ бортында ол өзін кенеттен жайсыз сезінген. Навальный ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілген.

Сондай-ақ Омск дәрігерлері Алексей Навальныйды Германияға емделу үшін жіберуге рұқсат бермей отырғаны хабарланды.

Германия канцлері Ангела Меркель Франция көшбасшысы Эммануэль Макронмен кездескеннен кейін Германия Навальныйды қабылдап, оған медициналық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеген.

Сонымен бірге неміс мамандары Навальныйдың ағзасынан "Новичок" улағыш затының іздерін тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893737-navalnyjga-federaldyk-izdeu-zarialandy/

pixel