RU

Елбасы мәжілістегі "Nur Otan" фракциясының жетекшісі қызметіне Нығматулинды ұсынды

Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: Twitter/ Айдос Үкібай

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясының парламенттік фракциясының отырысына қатысуда деп хабарлады Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

"Қазақстанның тұңғыш президенті "Nur Otan" партиясының парламенттік фракциясының отырысына қатысып жатыр" ,- деп жазды Үкібай.

Сондай-ақ ол Елбасы мәжілістегі партия фракциясының жетекшісі қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынғанын хабарлады.

"Фракция отырысы барысында "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын парламент мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі қызметіне ұсынды", - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Орталық сайлау комиссиясы жетінші шақырылымдағы мәжіліс депутаттарын тіркеді. Оларға жеке куәліктер мен төсбелгілер табысталды.

Мәжіліс депутаттарын сайлау 10 қаңтар күні өтті. Оған "Қазақстан халық партиясы", "Nur Otan", "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Ақ жол" демократиялық партиясы, "Адал" саяси партиясы қатысты.

12 қаңтар күні Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудағы дауыс берудің соңғы нәтижелерін жариялады.

Оған сәйкес, "Nur Otan" партиясы 71,09%, "Ақ жол" демократиялық партиясы 10,95%, "Қазақстан халық партиясы" 9,10%, "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы 5,29% "Адал" саяси партиясы 3,57% дауыс жинады.

Дауыс беру қортындысы бойынша үш партия - "Nur Otan", "Ақ жол" және ҚХП мәжіліске өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893793-elbasy-nrlan-nygmatulindi-nur-otan-frakciasyny-zeteksisi-kyzmetine-syndy/