Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде әкімдер қабырғасы шыныдан жасалған кабинетте отыруы мүмкін

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: pexels.com

Елімізде облыс және қала әкімдерін іші көрініп тұратын кабинеттерге отырғызуы мүмкін. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бұның бәрі біртіндеп жасалады. Қазір ол жақта кейбір ғимараттар кеңестік заманда салынған. Оны қайта салып шығу мүмкін емес. Ал жаңа ғимаратта міндетті түрде болады", - дейді Шпекбаев журналистерге берген сұхбатында.

Агенттік басшысы осы саладағы жұмыстың кезең-кезеңімен атқарылатынын жеткізді. Аудан әкімінен бастап барлық шенеунік ашық кабинетте отырады.

"Мысалы, қазір аудан әкімдері бірінші қабатта шынымен бөлінген кабинетте жұмыс істейді. Уақыт керек. Мен Алматы облысында болғанмын. Департамент басшылары да, аудан әкімдері де, ауыл әкімдері де солай. Біртіндеп жасалады. Бәрін бір күнде жасау мүмкін емес", - деп атап өтті Шпекбаев.

Оның айтуынша, барлық мемлекеттік органды трансформациядан өткізу жоспарланып отыр. Сонда олардың жұмысы ашық, ал халыққа қолжетімді болады.

"Біз осы жұмысты жалғастыра береміз. Қазірдің өзінде біраз шаруа атқарылды. Аудан әкімдерінің барлығы осы стандартқа ауысты деуге болады. 1 400 ұйым Open space форматында жұмыс істеді. Шамамен, 900 фронт-офис ашылды", - дейді Шпекбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алик Шпекбаев "СҚ-Фармация" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты іс жақын арада сотқа жіберілетінін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893819-oblys-zne-kala-kimderi-kabyrgasy-synydan-zasalgan-kabinetke-otyrgyzyluy-mmkin/

pixel