Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы болашақ премьер-министрдің кандидатурасына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы фракциясының отырысында болашақ премьер-министрдің кандидатурасына қатысты өз пікірін айтты.

"Менің пікірім - сабақтастықты сақтау керек. Барлық қиындыққа қарамастан, үкімет өз жұмысын орындады. Басқа елдерге қарағанда біз жаман нәтиже көрсеткен жоқпыз. Егер президент Мамин Асқар Ұзақбайұлын ұсынса, онда фракциядан оның кандидатурасын қолдауды сұраймын", - дейді Елбасы.

Айта кетейік, Елбасы мәжілістегі партия фракциясының жетекшісі қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынған еді.

"Фракция отырысы барысында Nur Otan партиясының төрағасы Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын парламент мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі қызметіне ұсынды", - деп хабарлады тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Еске салайық, бүгін Орталық сайлау комиссиясы жетінші шақырылымдағы мәжіліс депутаттарын тіркеді. Оларға жеке куәліктер мен төсбелгілер табысталды.

Мәжіліс депутаттарын сайлау 10 қаңтар күні өтті. Оған "Қазақстан халық партиясы", "Nur Otan", "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Ақ жол" демократиялық партиясы, "Адал" саяси партиясы қатысты.

12 қаңтар күні Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудағы дауыс берудің соңғы нәтижелерін жариялады.

Оған сәйкес, "Nur Otan" партиясы 71,09%, "Ақ жол" демократиялық партиясы 10,95%, "Қазақстан халық партиясы" 9,10%, "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы 5,29% "Адал" саяси партиясы 3,57% дауыс жинады.

Дауыс беру қортындысы бойынша үш партия - "Nur Otan", "Ақ жол" және ҚХП мәжіліске өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893821-elbasy-bolasak-premer-ministrdi-kandidaturasyna-katysty-pikir-bildirdi/

pixel