Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бақылау күшейтіледі

Опубликовано:

Балалар
Көрнекі фото: pixabay.com

VII шақырылымдағы парламенттің 1-сессиясына қатысып жатқан президент елімізде бала құқықтарын қорғап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бақылауды күшейту керектігін мәлімдеді.

"Сонымен қатар біз бала құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды мәселелерді шешуге тиіспіз. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алу үшін мемлекеттік бақылауды күшейтіп, тиімді тетіктерді қарастырған жөн", - деді мемлекет басшысы.

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі омбудсмен институының жұмысына қатысты сөз қозғады.

"Бізде омбудсмен институты бар. Бірақ, ол әзірге өзінің әлеуетін толық көрсете алмай отыр. Сондықтан, жақын арада Омбудсмен туралы арнаулы заң қабылдауымыз керек", - дейді президент.

Бұдан өзге мемлекет басшысы 2021 жылы ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтетінін мәлімдеді.

"Тағы бір маңызды қадам – ауыл әкімдерін сайлау. Биыл жекелеген ауылдық округтерде сайлау өтеді. Біз жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Бұл – өте маңызды мәселе", - деді президент.

Сонымен қатар президент мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуді ұсынды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы парламенттің алдында сапалы заңдар қабылдау және өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналу міндеті тұрғанын атап өтті.

Президенттің сөзінше, еліміздің заңнама жүйесін кешенді түрде жетілдіру керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893935-balalardy-kauipsizdigin-kamtamasyz-etu-sin-memlekettik-bakylau-ksejtiledi/

pixel