Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы өзінің негізгі ұстанымы жайлы айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

7-ші шақырылған парламенттің 1-ші сессиясында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің негізгі ұстанымы туралы айтты деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі Twitter парақшасында.

Мемлекет басшысы парламентте мәселелердің талқылануы туралы сөз қозғай отырып, өзінің негізгі ұстанымы жайлы айтып берді.

"Менің негізгі ұстанымым – қоғамдағы барлық өзекті мәселелер, ең алдымен, парламентте талқылануға тиіс. Қоғам өкілдері мен сарапшылар заң жобаларын дайындау ісіне барынша атсалысуы керек", - деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан парламентаризмі бүгінде ширек ғасырлық белеске жетті.

"Біз қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі межесіне қадам бастық. Сондай-ақ қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризмі ширек ғасырлық белеске жетті. Осы тарихи кезеңде сенім мандатына ие болған депутаттар ел үмітін ақтап, Отанымызға адал қызмет етеді деп сенемін", - дейді президент.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін мәжіліске өту шегін жеті пайыздан бес пайызға дейін төмендетуді ұсынған еді.

Мемлекет басшысының айтуынша, дауыс саны жетпей қалған кей партияларда білікті әрі білімді азаматтар баршылық және олар жұмысты жақсарта түсуге өз үлесін қоса алады.

Одан бөлек, президент жаңа құрам бекітілгенге дейін үкімет өз міндеттерін атқаратынын мәлімдеген еді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы биыл жекелеген ауылдық округтерде сайлау өтетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893937-memleket-bassysy-zini-negizgi-stanymy-zajly-ajtty/

pixel