Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үлкен құрмет": Мамин қайта тағайындалуына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Асқар Мамин
Асқар Мамин. Фото: Ақорда

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин өзінің үкімет басшысы болып қайта тағайындалуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтқым келеді, мен үшін бұл үлкен құрмет және зор жауапкершілік. Біздің алдымызда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша маңызды міндеттер мен мақсаттар тұр.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ел дамуының негізгі бағыттарын айқындап, жариялады. Оның ішінде ең бастысы - өмір сүру сапасын, халықтың әл-ауқаты мен кірісін арттыру", - деді министрлер кабинетінің басшысы.

Оның айтуынша, міндеттерге экономиканың өсу қарқынын арттыру арқылы қол жеткізуге болады.

"Инвестициялар тарту, жаңа технологияларды енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру және басқа да бірқатар бағыт бойынша тиімді шаралар қабылданады. Осы стратегиялық міндеттерді іске асыру үшін үкімет тиімді қызмет етіп, парламентпен бірлескен жұмыс жүргізеді", - деді Мамин.

Айта кетейік, парламент мәжілісінің депутаттары VII шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясының ашылуында үкімет басшысы лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады. Асқар Маминнің министрлер кабинетінің басшысы лауазымын сақтап қалуы туралы ұсынысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды.

Көп ұзамай Ақорда Асқар Ұзақбайұлы Маминді Қазақстан Республикасының премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы қаулыны жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894036-lken-krmet-mamin-kajta-tagajyndaluyna-katysty-pikir-bildirdi/

pixel