Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамп президенттігінің соңғы күнінде 100 сотталушыны босатпақ

Опубликовано:

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Chris Kleponis/Polaris/Bloomberg via Getty Images

Дональд Трамп президенттігінің соңғы күнінде 100 сотталушының жазасын жеңілдетіп, рақымшылық жасауды жоспарлап отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дональд Трамп президент сайлауында жеңіске жете алмағаннан кейін рақымшылық жасау он есеге артқан. CNN жазуынша, америкалық көшбасшы кімнің бостандыққа шығатыны туралы тізіммен келіскен.

Рақымшылық жасау - бұл Трамп өкілеттігі тоқтағанша атқаруы тиіс жұмыстың бірі. Трамптың кеңесшілері оған Капитолийдегі тәртіпсіздікке қатысқандарға кешірім бермеу керектігін айтқан. Алайда ол шерушілер жаман ештеңе істемеді деп есептейді.

The New York Times жазуынша, Трамп кеңесшілерімен өзіне, балаларына, күйеу баласы мен қорғаушысы Рудольф Джулианиге рақымшылық жасау мүмкіндігін де талқылаған. Өйткені Джо Байден әкімшілігі қазіргі президентті қылмыстық жауапкершілікке тартуы мүмкін екені айтылуда.

Еске сала кетсек, АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Джо Байден пандемиядан зардап шеккен АҚШ экономикасын 1,9 триллион долларға бағаланған ынталандыру жоспарын жариялағанын жазған едік.

Егер Конгресс бұл жоспарды қабылдаса, бұл 1 триллион доллар америкалықтардың әрқайсысына 1400 доллардан төлеуге жұмсалады.

1400 доллар өткен айда қабылданған көмек туралы заңда төленген 600 долларға қосылады.

Сондай-ақ көмек ұсынысында вируспен күреске 415 миллиард доллар және шағын бизнеске 440 миллиард доллар қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894250-tramp-prezidenttigini-sogy-kninde-100-sottalusyny-bosatpak/

pixel