Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев 8 министрліктің жауапты хатшысын қызметінен босатты

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: pexels.com

Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты мемлекет басшысының өкімімен 8 министрліктің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Олар:

Жанат Мұратұлы Қожахметов – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;

Марат Әбілахатұлы Оразаев – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;

Қанат Маратұлы Сәрсембаев – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы;

Аида Дәденқызы Құрманғалиева – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;

Айдын Жұмабекұлы Ашуев – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

Жәнібек Мақсұтұлы Нөпіров – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы;

Арман Дайырұлы Жұмабеков – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы;

Талғат Амангелдіұлы Момышев – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерінен босатылды.

Еске сала кетейік, 18 қаңтарда президенттің өкімімен үкіметтің жаңа құрамы бекітілді. Екі министрден басқасының барлығы бұрынғы орнын сақтап қалды.

Жаңа тағайындалған министрлердің бірі - Серік Шәпкенов. Енді ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін, ал жаңадан тағайындалған тағы бір басшы Әсет Ерғалиев Ұлттық экономика министрлігін басқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894428-tokaev-8-ministrlikti-zauapty-hatsysyn-kyzmetinen-bosatty/

pixel