Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бетпердесіз суретке түскен Семей қаласының мәслихат депутаттары жұрттың сынына қалды

Опубликовано:

Депутаты в Семее
Фото: arnapress.kz

Әлеуметтік желіде Семей қалалық мәслихатының жаңа шақырылымындағы депутаттарының ұжымдық фотосуреттері талқыланып жатыр. Суреттер екі нұсқада түсірілген: біреуінде халық қалаулылары бетперде киген, екіншісінде маскасыз отыр, сонымен қатар олар қашықтықты да сақтамаған. Бұны аңғарған ел тұрғындары шенеуніктердің карантин шараларына мойынсынбағанына назары екендерін білдірді. Алайда мәслихат депуттары олардың сынымен келіспейді деп хабарлайды Arnapress.kz.

Екі фотосурет бір біріне қатты ұқсайды. Кейбіреулер тіпті бұл жағдайда депутаттарға бетперде кию үшін фотошоп қолданылуы мүмкін деп болжап отыр.

Депутаты в Семее
Фото: arnapress.kz

Суреттер әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды. Оқырмандар халық қалаулылары "әдемі" кадр үшін бір бөлмеге отызға жуық адам жиналып, санитарлық нормаларға ат үсті қарады, маска тақпай, әлеуметтік қашықтықты ұмытып кетті деп наразылықтарын білдірді.

Көпшіліктің сынына Семей мәслихатының хатшысы Бейсенбек Ақжалов жауап берді. Ол екі фотосурет болғанын хабадар етті. Депутаттардың алдымен маска тағып, содан кейін бетпердесіз суретке түскені белгілі болды.

"Біздің арамызда (депутаттар- ред.) екі-үш білікті дәрігер бар, олар біз демімізді 30 секунд ұстап тұрсақ, дем алмасақ, бізді бірден суретке түсіретінін айтты. Бұл жерде ешқандай заң бұзушылық жоқ. Біз әрі бері жүрмедік. Олар масканы шешіп, суретке түсіп, бірден киді. Мен бұл жерден ешқандай бүлікті көріп тұрған жоқпын", - деп түсіндірді Бейсенбек Ақжалов.

Сонымен қатар, фотосуреттер Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында зерттеліп жатыр.

"Олар бір сәтке бетпердені алып, суретке түстік дейді. Әрине, бұл дұрыс емес, қазір әлеуметтік қашықтықты сақтау керек, Маска режимі барлық жерде. Біз өз тарапымыздан шешетін боламыз", - деді ведомство басшысы Берік Тілебалдин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894553-betperdesiz-suretke-tsken-semej-kalasyny-mslihat-deputattary-zrtty-synyna-kaldy/

pixel