Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрлігі әскери колледжінің басшысы және отставкадағы генерал-майор қайтыс болды

Опубликовано:

Владимир Назаренко мен Серік Асанов
Владимир Назаренко мен Серік Асанов. Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Отставкадағы генерал-майор Владимир Петрович Назаренко және Қорғаныс министрлігіне қарасты Ш.Уәлиханов атындағы Әскери колледждің бастығы полковник Серік Досбергенұлы Асанов өмірден өтті деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Екі аптал азамат та 2021 жылдың 19 қаңтарында қайтыс болды. Біз үшін бұл орны толмас қайғы. Олардың мол тәжірибесі, әлеуеті, күш-жігері енді еш оралмайды. Тек артында қалған игі істер мен естеліктерін жұбаныш етеміз.

Владимир Петрович Назаренко 71 жасында өмірден озды. Омбы танк техникалық училищесі мен Киев танк училищесінің инженерлік факультетін бітірген. Танк ротасының командирі лауазымынан бастап әскер түрлері қолбасшысының орынбасарына дейінгі жолдардан өтті.

Әріптестері оны жоғары кәсіби білікті, ұйымдастыруға қабілетті, турашыл және жауапты офицер, ант пен әскери борышқа адал адам ретінде таныды.

ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Ш.Уәлиханов атындағы Әскери колледждің бастығы полковник Серік Досбергенұлы Асанов 52 жасында өмірден озды. Ол М.Фрунзе атындағы Одесса жоғары артиллериялық командалық училищесін және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің тәмамдаған.

Соңғы төрт жылда Серік Досбергенұлы әскери кадрларды даярлау қызметінде болды. ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Әскери институтының бастығы, содан кейін ҚР Қорғаныс министрлігінің Ш. Уәлиханов атындағы әскери колледжін басқарды.

Бұл қызметте Серік Досбергенұлы өзін білікті, жоғары кәсіби маман, талапшыл және алға қойған мақсатына жете білген басшы ретінде көрсете білді. Ол өзінің жетік білімін және жинақтаған тәжірибесін офицерлер және сержанттар құрамымен бөлісті, оның өмірі күш-жігер мен болашаққа ұмтылған қадамдарға толы болды.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қазақстан Қарулы Күштерінің жеке құрамы Владимир Петрович Назаренко мен Серік Досбергенұлы Асановтың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

"Олар жайлы жарқын естеліктер біздің жүрегімізде мәңгі сақталады", – деді министрлікте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894601-korganys-ministrligi-skeri-kolledzini-bassysy-zne-otstavkadagy-general-major-kajtys-boldy/

pixel