Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді еліміздің тағы бір банкінде зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға болады

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанның тағы бір банкінде зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға болады. Бұған дейін біржолғы зейнетақы төлемін мақсатты пайдалану бойынша бір ғана қаржы ұйымы – "Отбасы банк" оператор болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Halyk Bank - зейнетақы қаржысын мақсатты пайдалану жөніндегі екінші уәкілетті оператор атанды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) Қоғамдық кеңесі мәлімдеді.

"Енді Halyk Homebank қосымшасында клиенттер бір реттік зейнетақы төлемін аудару үшін қажетті арнайы шотты онлайн режимінде аша алады. Төлемдер алудың бастапқы міндетті шарты – арнайы шот ашу", - делінген хабарламада.

Halyk Bank-тің баспасөз қызметі де бұл ақпаратты растаған. Бұған дейін біржолғы зейнетақы төлемін мақсатты пайдалану бойынша "Отбасы банкі" ғана оператор болып келген.

Еске салсақ, палатаның пленарлық отырысында мәжіліс депутаты үкіметтен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану туралы қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды жеделдетуді және оларды 2021 жылдың қаңтар айының соңына дейін қолданысқа енгізуді сұраған еді.

"Ол әлдеқашан өз күшіне енген. Алайда үкімет өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін бір реттік зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелерін әлі қабылдаған жоқ. 761 мың азамат осы ережелерді күтуде, олардың көпшілігі қазірдің өзінде баспанасын таңдап қойған, ал бұл ережелер келісіп-бекітілуі үшін әлі де түрлі кабинеттерді "шарлап" жүр", - деген еді депутат Аманжан Жамалов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894816-endi-elimizdi-tagy-bir-bankinde-zejnetaky-zinagyn-merziminen-bryn-aluga-bolady/

pixel