Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстандағы президент сайлауы: Жапаров ресми түрде жеңімпаз деп танылды

Опубликовано:

Садыр Жапаров
Садыр Жапаров. Фото: Abylai Saralayev\TASS via Getty Images

20 қаңтарда Қырғыз республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Оның барысында Садыр Жапаров елде өткен президент сайлауының жеңімпазы деп танылды.

24.kg жазуынша, Жапаровқа 1 миллион 105 мың 248 адам дауыс берген. ОСК мәліметінше, сайлауға барлығы 1 миллион 395 мың 529 адам қатысқан.

Нәтижесінде Жапаров 79,2 пайыз дауыспен жеңіске жеткен.

Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен референдум нәтижесін де жариялады. Дауыс беруге келгендердің басым көпшілігі - 1 млн 133 мың 485 адам президенттік басқару жүйесін таңдаған.

Еске сала кетсек, Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы ресми сайтында 10 қаңтарда өткен президент сайлауында Садыр Жапаровтың жеңіске жеткенін хабарлаған болатын.

Айта кетейік, Қырғызстандағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін ел президенті болған Сооронбай Жээнбеков өткен жылдың 15 қазанында отставкаға кетті.

Президент қызметін Жогарку Кенеш спикері Қанат Исаев уақытша атқаруы керек болған. Алайда Исаев бұл қызметтен бас тартты. Осылайша, өкілеттілік үкімет басшысы Садыр Жапаровқа берілді.

Дегенмен президент сайлауына қатысу үшін Садыр Жапаров өкілеттігін тоқтатты.

Сонымен бірге саяси додаға қатысқысы келетін Адахан Мадумаров, Канатбек Исаев, Бектур Асанов Орталық сайлау комиссиясына үндеу жасап, Садыр Жапаровты президент қызметіне үміткер ретінде тіркемеуді сұраған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894831-kyrgyzstandagy-prezident-sajlauy-zaparov-resmi-trde-zeimpaz-dep-tanyldy/

pixel