Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенат жүргізуші куәлігін алып жүрмеуге мүмкіндік беретін заңды қабылдады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Patrul.kz

Алдағы уақытта көлік жүргізушілері өздерімен бірге жүргізуші куәлігі мен техникалық құжатты алып жүрмеулеріне болады. Сенаторлар тиісті заң жобасын қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі

Жаңа заңға сәйкес, полиция қызметкерлері көлік жүргізушісінің құжатын деректер базасынан тексере алады. Бұл үшін тек жеке куәлік болса жеткілікті. Яғни жүргізушіге құжаттарын ұмытып кеткен жағдайда айыппұл салынбайды.

"Қабылданған заң ел президентінің тапсырмасы бойынша Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің пікірін ескере отырып әзірленді. Енді көлік жүргізген кезде жүргізуші куәлігі мен техникалық паспортты өзімен бірге алып жүру қажеттілігі болмайды. Бұл елімізде жүргізіліп жатқан цифрландырудың нақты нәтижесі екені сөзсіз", - дейді сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Алайда шетелдік нөмірі бар көліктер мен жүргізуші куәлігін шетелден алғандар өздерімен бірге құжаттарын алып жүруі тиіс. Өйткені қазақстандық полицейлер өзге мемлекеттердің деректер базасына кіре алмайды.

Қабылданған заң жобасы қол қою үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жіберіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде көлік жүргізушілеріне жүргізуші куәлігінсіз қатынауға рұқсат берілуі мүмкін екенін жазған едік.

Сонымен қатар Қазақстанда алдағы уақытта жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін айыппұл салынбайтынын хабарлаған болатынбыз.

Мәжілісмендер заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894875-kazakstanda-zrgizusi-kuligin-alyp-zrmeuge-mmkindik-beretin-za-kabyldady/

pixel