Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті

Опубликовано:

Қырғыз үкіметі
Фото: РИА Новости

Садыр Жапаров кезектен тыс президенттік сайлауда жеңіске жеткен соң, Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті деп хабарлайды РИА Новости.

10 қаңтарда Қырғызстандағы кезектен тыс президенттік сайлауда келушілер саны 40 пайыздан аспады. Садыр Жапаровқа миллионнан астам адам немесе 79,2 пайызы дауыс берді. Нәтижелерден кейін ол министрлер кабинетінің жетекшісі қызметінен кету туралы өтініш берді, Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті.

"Қырғыз Республикасы президентінің міндетін атқарушы, Жогорку Кенеш Төрағасы Талант Мамытов "Қырғыз Республикасы премьер-министрі мен Қырғыз Республикасы үкіметінің өкілеттіктерін тоқтату туралы" жарлыққа қол қойды", – делінген хабарламада.

Президенттің жарлығына сәйкес, жаңа министрлер кабинеті құрылғанға дейін үкімет мүшелері өз міндеттерін орындауды жалғастырады.

Еске салсақ, 20 қаңтарда Қырғыз республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Оның барысында Садыр Жапаров елде өткен президент сайлауының жеңімпазы деп танылды.

Айта кетейік, Қырғызстандағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін ел президенті болған Сооронбай Жээнбеков өткен жылдың 15 қазанында отставкаға кетті.

Президент қызметін Жогарку Кенеш спикері Қанат Исаев уақытша атқаруы керек болған. Алайда Исаев бұл қызметтен бас тартты. Осылайша, өкілеттілік үкімет басшысы Садыр Жапаровқа берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894953-kyrgyzstan-kimeti-otstavkaga-ketti/

pixel