Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бізге Байден керек емес": АҚШ-тың екі қаласында радикалды белсенділер бүлік шығарды

Опубликовано:

Две группы людей стоят друг напротив друга в дыму на улице
Кадр: t.me/rt_russian

АҚШ-тағы BLM және антифа қозғалыстарының жақтаушылары көшеге шығып, Портленд (Орегон штаты) және Сиэтл (Вашингтон штаты) қалаларында жаппай бүлік жасады. Наразылық білдірушілер АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденге қарсы деп хабарлайды NUR.KZ.

Екі қаланың көшелерінде радикалды белсенділер АҚШ-тың 46-президенті Джо Байден қызметке кіріскеннен кейін бірден пайда болған.

Қара киінген адамдардың басым бөлігі автомобильдер мен дүкендерді қиратып, көшелерде от жағып, Американың мемлекеттік жалауларын өртеуде, деп жазды Вести.ру.

Сондай-ақ, наразылық білдірушілердің АҚШ Демократиялық партиясының ғимараттарын қиратқаны белгілі болды.

Видео кадрларынан кейбір демонстранттардың қолынан "бізге Байден керек емес - кек алу маңызды!" және "Бізде билік болмайды!" деген жазулары бар плакаттарды байқау қиын емес.

Сонымен қатар, көптеген наразылық білдірушілер ғимараттарға анархия рәміздерін салып, жаңа президенттің атына қорлайтын сөздер қалдырып кеткен.

Еске салайық, 20 қаңтар күні кешке Джозеф Байден ресми түрде Америка Құрама Штаттарының жаңа президенті болды. Онымен бірге Камала Харрис премьер-министр қызметіне кірісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895010-bizge-bajden-kerek-emes-aks-ty-eki-kalasynda-radikaldy-belsendiler-blik-sygardy/

pixel