Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев: Оппозициялық үкімет құрылады

Опубликовано:

Фото
Фото: Хабар 24

Елімізде оппозициялық үкімет құрылмақ. Ресми тіркелмеген "Ел тірегі" партиясының төрағасы, мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды КТК арнасы.

Саяси белсендінің айтуынша, үкіметтің мұндай балама түрі Еуропаның дамыған елдерінде жиі қолданылады.

Мәселен, Англияда сайлауда басым түскен партия үкімет жасақтайды. Ал оппозициялық партия өзінікін құрады. Үкіметтің сондай нұсқасын "Ел тірегі" партиясы бір ай ішінде жасамақшы.

Ол халықтан түскен қолдау қаражаты есебінен жұмыс істемекші. Ал баламалы үкімет мүшелерін халық сайлауына салмақ.

"Біз сол әлеуметтік желілерде дауыс беру арқылы, сайлау арқылы сол министр, кім көп дауыс жинайды, сол біздің оппозициялық үкіметте министр бола алады. Бұл жерде тек халық шешеді. Мен шешпеймін, басқа азаматтар шешпейді, партияның ішіндегі азаматтар шешпейді. Тек халық өзі шешім қабылдап, дауыс беріп, сол дауыс беру арқылы шешілетін болады", - дейді "El Tiregi" қозғалысының төрағасы Нұржан Әлтаев.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 12 ақпанында Нұржан Әлтаев мәжіліс депутаты болып сайланған болатын.

2020 жылдың желтоқсан айында Әлтаевтың өкілеттігі тоқтатылып, сондай-ақ ол "Nur Otan" партиясының қатарынан шығарылған еді.

Кейін Нұржан Әлтаев өкілеттігінің тоқтатылуына қатысты пікір білдірді.

Сонымен қатар ол El Tiregi партиясын құратынын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895028-mzilisti-eks-deputaty-nrzan-ltaev-oppozicialyk-kimet-krylady/

pixel