RU

ҚТЖ басшысы Сауат Мыңбаев жарақат алды

Сауат Мыңбаев
Сауат Мыңбаев. Фото: "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ

"Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен айналысу кезінде жарақат алды. Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бастапқыда ҚТЖ басшысының омыртқа жотасынан жарақат алғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Оның Германиядағы "Шарите" емханасына жеткізілгені хабарланды.

Мәліметке қатысты "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі пікір білдірді.

"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасының денсаулығына қатысты әлеуметтік желілер мен мессенджердерде таралып жатқан ақпаратқа байланысты Сауат Мыңбаевтың спортпен шұғылдану кезінде жарақат алғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта ем қабылдап жатыр. Оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - дейді ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 20 қарашасында Сауат Мыңбаев "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895288-ktz-bassysy-sauat-mybaev-zarakat-aldy/