Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттің "СҚ-Фармацияға" қатысты тапсырмасы қалай орындалды

Опубликовано:

Алексей Цой
Алексей Цой. Фото: primeminister.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау министрінен "СҚ-Фармация" компаниясының міндеттемелерін қайта қарау жөніндегі тапсырмасы қалай орындалып жатқанын сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"СҚ-Фармацияға" қандай сын айтылғанын білесіздер. Ол жерге салмақты реформа керек. Осыған байланысты не істелді?" - деді мемлекет басшысы.

Бұл сауалға жауап қайырған Алексей Цой компанияның жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілгенін жеткізді.

Оның сөзінше, президенті тапсырмасын орындаудың нақты жоспары құрылған. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бақылауында, дейді денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар, Алексей Цой қоғамдық жұмыс тобын құрғанын да сөз етті. 23 адамнан тұратын жұмыс тобына азаматтық қоғамның, қауымдастықтардың өкілдері мен депутаттар кірген.

"Біздің бақылаушы оның құрамына қоғам өкілдерін де енгізді. Бұл ретте дәрі-дәрмекті сақтау мен тасымалдау жұмысының электронды сатып алу тәртібіне көшкенін өте маңызды мәселе деп айтар едім. Осы жылы дәрі-дәрмекті сатып алу шаруасын толығымен автоматтанрыуды көздеп отырмыз. Осының арқасында өткен жылдан қарағанда біршама қаражатты үнемдей аламыз", - деді денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталғанын жазған едік.

Онлайн форматтағы жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқылануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895681-prezidentti-sk-farmaciaga-katysty-tapsyrmasy-kalaj-oryndaldy/

pixel