RU

Тоқаев үкімет пен әкімдердің сатып алудағы жұмысына көңілі толмайтынын айтты

Фото
Фото: Ақорда

Үкіметтің кеңейтілген отырсында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сатып алудағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі үкімет пен әкімдердің жұмысына көңілі толмайтынын айтты.

"Бюджеттегі дағдарысқа қарсы қаражатты тиімді пайдалану керек. Мен үкіметке және әкімдерге сатып алулардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырдым. Алайда бұл тапсырма көңілден шықпайды", - дейді президент.

Сонымен қатар мемлекет басшысы 2020 жылдың 9 айында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 12,5 трлн теңгені құрағанын атап өтті.

"Біздің экономикамыз бұл соманың жартысына жуығын ала алмады. Жергілікті тауарлар мен қызметтерге шамамен 6,5 триллион теңге немесе 52% жұмсалды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында жергілікті қамту үлесі 87 пайызды құраған.

"Жеті өңірде жоспарлы көрсеткіштердің бұзылуына жол берілген. Қазақстандық қамту үлесін арттыру жөніндегі міндетті ешкім алып тастаған жоқ", - деді мемлекет басшысы.

Президент құзыретті тұлғаларға жауапкершілік туралы еске салды.

"Триллион бюджет қаражатының импортын субсидиялауға біздің құқығымыз жоқ. Сондықтан бюджет әкімшіліктері жеке жауапты болады", - деп еске салды Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895714-tokaev-kimet-pen-kimderdi-satyp-aludagy-zmysyna-kili-tolmajtynyn-ajtty/