Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот Анатолий Шкарупаның ақталып шығуын түсіндірді

Опубликовано:

Анатолий Шкарупа
Анатолий Шкарупа. Фото: 24.kz

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаға қатысты шыққан үкімді түсіндірді. Экс-шенеунік ақталып шыққан болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Судья Жанат Егембердиева энергетика министрінің бұрынғы орынбасары Анатолий Шкарупаға, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қорының" бұрынғы төрағасы Қайсар Байдалыға және ENERCO компаниясының директоры Ерлан Набиевке қатысты шыққан үкімді түсіндірді. Олардың барлығы ақталды.

Судьяның айтуынша, сот талқылауы барысында айыптаушы тарап айыпталушылардың кінәсін дәлелдейтін айқын әрі бұлтартпайтын дәлелдер ұсына алмаған.

Іс бойынша жиналған кейбір материалдар қылмыстық іс жүргізу кодексін бұза отырып алынған, мұндайға жол берілмейді.

"Сотталушылардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық жоқ. Сотқа дейінгі тергеу органы айыптау актісінде қылмысты жасау әдісін, ұрлықтың қалай жасалғанын көрсетпеген. Иемдену немесе ысырап ету жолымен бе? Келтірілген залалдың мөлшерін растайды делінген іс бойынша жүргізілген сараптамалар, оларды анықтау тәртібі айтарлықтай бұзылғандықтан сот оларды жарамсыз дәлелдер деп таныды", – дейді судья Жанат Егембердиева.

Сонымен қатар судья ақталған үш азамат заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартқаны үшін әрі тергеу изоляторында өткізген айлары үшін тергеу органдарын сотқа бере алатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895755-sot-ministrdi-bryngy-orynbasary-anatolij-skarupany-aktalyp-syguyn-tsindirdi/

pixel