Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңадан құрылған агенттіктің немен айналысатыны белгілі болды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің алдағы жоспарлары, жақында таратылған Қаржы мониторингі комитетінің 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жанат Элиманов
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жанат Элиманов. Фото: Ақорда

Президентке Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ шеңберінде Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (FATF) нормаларын іске асыруды өзара бағалаудың екінші кезеңін өткізуге дайындық барысы туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жанат Элимановқа көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты күшейтуді, бұл ретте бизнесін адал істеп отырған кәсіпкерлердің мүддесін қорғауды және олардың жұмысына жөнсіз араласуға жол бермеуді тапсырды.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында президент жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттік құруды тапсырған болатын.

Кейінірек, президент қаржы мониторингі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойғанын жазған болатынбыз.

Жаңа агенттіктің басшысы болып Жанат Элиманов тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1896233-zaadan-krylgan-agenttikti-nemen-ajnalysatyny-belgili-boldy/

pixel